Әскери нышандар күні аталып өтті
Әскери нышандар күні аталып өтті
323
оқылды

Қазақстан Қарулы Күш­­терінде әскери нышандар күні алғаш рет аталып өтті.

1996 жылғы 18 шілдеде «Қару­лы Күштердің әскери нышандары туралы» Қазақстан Президентінің Жарлығына қол қойылды. Әскери нышандар – бұл әскердің ажырамас бөлігі, атрибуттар. «Қазақстанның әскери ны­шан­дарына Қарулы Күштердің нышаны (эмблемасы), туы мен жалауы, Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштерінің тулары, әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары жатады. Қазақстан Қару­лы Күштерінің нышаны мемле­кеттік тиесілігін және қол сұғыл­мау­шылығын айқын бейнелейді. Ол өткеннің дәстүрлерімен ұш­тас­тыра отырып, тәуелсіз Қазақ­стан­ның құндылықтарын көр­сетеді. Атап айтқанда, Қарулы Күштер нышаны – шеттерi алтын түстi нұсқамен жиектелген бес бұрышты жұлдыз. Жұл­дыздың ортасында шұғылалы күн және оның астында қалық­тап ұшқан қыран бейнеленген» делінген хабарламада. Әскери күштер түрі­нің тулары Қазақстан әске­ріне тиесілікті және әскери ұжым­ның бауырластығы мен бірлігі идеясын білдіреді. Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінде бірқатар кәсіби мерекелер мен атаулы күндер алғаш рет атап өтелуде. Олар Қорғаныс министрінің 2021 жыл­ғы 5 мамырдағы бұйрығымен бекітілген.

А.ЖАСАНҰЛЫ