Токиода ең көп табыс табатын ойыншы анықталды
Токиода ең көп табыс табатын ойыншы анықталды
155
оқылды

Токиодағы Олимпиада ойындарында ең көп табыс табатын спортшылардың есімдері белгілі болды. Бұл тізімді Forbes жариялады.

Олимпиадаға қатысатын спорт­шылардың арасындағы ең көп табыс табатын спортшылар көшін баскетболдан  АҚШ құра­масының шабуылшысы Кевин Дюрант бастап тұр. Оның табы­сы 75 миллион долларды құрай­ды. Екінші орында жылына 60 миллион доллар табатын тен­нис­ші Наоми Оска жайғасқан. Ал үздік үштікті АҚШ құрама­сының тағы бір баскетболшысы Дамин Лиллард түйіндеді. Оның табысы – 40,5 миллион доллар. Сонымен қатар тізімге сер­биялық теннисші Новак Джоко­вич (34,5 миллион), гольф спор­ты­ның жарық жұлдызы  бри­тандық Рори Макилрой (32 мил­лион),  америкалық баскет­болшы Девин Букер пен Кэй Нисикрои (екеуі де 30,5 мил­лионнан) және баскетболшылар Крис Миддлтон (27 миллион) және Джру Холидей (23 мил­лион) енген.

А.ЖАСАНҰЛЫ