«Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы жанындағы жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда республикалық және облыстық деңгейдегі Жол картасының индикаторларын іске асыру шеңберінде халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру, қозғалысы шектеулі азаматтардың қажеттіліктеріне жолаушылар пойыздары шарттарының сәйкес келмеуі туралы өзекті мәселелер қаралды.
Бірінші мәселе бойынша биыл жұмыспен қамтуды қолдау шараларымен 28,5 мың адам қамтамасыз етілетіні атап өтілді. 2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша «Еңбек» бағдарламасымен жалпы саны 14 794 адам қамтылды. Жұмыс орындарын тікелей құратын микрокредиттеу «Еңбек» бағдарламасының басты тетіктерінің бірі екенін айтқан Павлодар облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Сағыныш Маратұлы аталған бағдарламаны іске асыру туралы жан-жақты тоқталды. Оның шеңберінде жоспарлы 40 бизнесті дамытуға арналған кредиттердің 29-ы беріліп, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қосымша жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін 518 жоба мақұлданған. Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Руслан Тілеулесов Павлодар өңірі аумағында толық көлемде іске асырылып жатқан «Жасыл Ел» Павлодар штабының жұмысы туралы айтып берді. Биыл 2 200 жасты жұмысқа орналастыру жоспарланған. Қосымша ақы – 39 000 теңге. Әңгіме барысында кеңес мүшелері Жасыл елдің облыс жастарының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін тамаша бағдарлама екенін атап өтті. Сондай-ақ штаб мүшелеріне осы бағытта 3 жыл бойы жетекші орын алғаны үшін алғыс білдірді. Сөз соңында олар басқарма басшысының орынбасарына 14 жастан бастап жасылелшілердің қатарына жұмысқа орналастыру мәселесін зерделеуді ұсынды. Өйткені бұл сұрақты тұрғындар халық қалаулыларына үнемі қояды. Күн тәртібіндегі үшінші проблемалық мәселе pavlodar.times, kerek.pv Instagram желісінің аккаунттарында орналастырылған Павлодар – Нұр-Сұлтан жолаушылар пойызы шарттарының аз мобильді азаматтардың қажеттіліктеріне сәйкес келмейтіні туралы интернет желісіндегі резонанстық оқиға болды. «Павлодарвокзалсервис» ЖШС теміржол вокзалында халықтың іс-қимылы шектеулі топтары үшін барлық жағдай жасалған, Павлодар қаласының теміржол вокзалында халықтың іс-қимылы шектеулі топтарының жолаушылар вагондарына кедергісіз кіруін қамтамасыз ету мақсатында арбамен жүретін мүгедектер үшін арнайы механикалық көтергіш бар. Өз кезегінде «Павлодар Вокзалсервис» ЖШС директоры Дастан Махметов халықтың іс-қимылы шектеулі топтарына платформадан вагонға көтеруді қамтамасыз ету теміржол вокзалының міндетті қызметтеріне кірмейтінін атап өтті. Ал кеңес мүшесі, «Чернобыль одағы» ҚБ төрағасы Виктор Деймунд «Нұрлы жолды» қоспағанда, Қазақстанның көптеген вокзалдарының сәйкессіздігі мәселесіне тоқталды. Павлодар вокзалының перрондары вагондарға қарағанда айтарлықтай төмен, сондықтан жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін жолаушылар вагондарының қолжетімділігі проблемасы бар екенін жеткізді. Жиынға қатысушылар Павлодар теміржол вокзалы мен барлық перрондарды қайта жаңартуды, ол үлкен салымдарды талап ететінін, оны шешуге бүгіннен бастап кірісу керек екенін және өзге де өзекті мәселелерді айтып, талап-тілектерін ашық білдірді.Әбілмансұр ЖАСАН