Жамбыл облысында тепловоз өртенді

Жамбыл облысында тепловоз өртенді

Орташа есеппен күн сайын жедел басқару орталығына төтенше жағдай туралы 20-дан астам хабарлама келіп түседі.

«Өткен тәулікте Талас ауданы №12 өрт сөндіру бекетіне Табақбұлақ станциясындағы тепловоздың өртенгені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер барды. Өртті бір сағат ішінде оқшаулап, бір жарым сағатта сөндірді. Өрт жалпы 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», – деді мамандар.

[caption id="attachment_152019" align="aligncenter" > Фото: ТЖД-нен алынды[/caption]