Қазақстандық шахматшы әлем кубогында жеңіске жетті
Қазақстандық шахматшы әлем кубогында жеңіске жетті
Фото: kazchess.kz

Қазақстан Шахмат федерациясының мәліметінше, Ринат Жұмабаев Сочидегі ФИДЕ әлем кубогында жеңіске жетті.

«Жеңіске жету оңай болған жоқ. Себебі, ол қара түсте ойнады. Алайда табандылық танытқан Ринат қарсыласын жеңді. Ол кеше тең ойнады. Сондықтан 1.5:0.5 есебімен Ринат ФИДЕ әлем кубогының келесі кезеңіне өткен болатын», – деді федерация өкілі.

Ринаттың келесі қарсыласы гроссмейстер Сэм Шенкленд пен Александр Арещенко арасындағы ойыннан соң анықталмақ.