Мотоцикл қаққан әйел мерт болды
Мотоцикл қаққан әйел мерт болды
Фото: ru.sputnik.kz

Жол апаты Сәтбаев көшесіндегі жаңа алаңда болды.

Алматы қалалық Полиция департаменті оқиға кеше сағат 22:00-де Бостандық ауданында болғанын растады. Алматы қалалық Полиция департаменті анықтау басқармасының басшысы Олжас Шәріпов: «1962 жылы туған Г. есімді DUKE BLACK мотоцикл жүргізушісі Сәтбаев көшесімен №4 ғимаратқа қарама-қарсы батыс бағытымен келе жатып, Республика алаңында 2 жолаушыны қағып кетті. Ол 1976 жылы туған Н. есімді жаяу жүргінші және қасында 2015 жылы туған М. есімді кішкентай баласы болған. Жол апаты салдарынан жарақат алған ана мен бала қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Ауыр жарақат алған әйел сол жерде көз жұмды. Сондай-ақ, мотоцикл жүргізушісі де жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға ҚК-нің 345-бабы 3-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрінде тіркелді. Тергеу басталды», – деді.