«2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде профилактикалық вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде COVID-19 вакцинасының екінші компонентін салуды ұйымдастыру» делінген қаулыда.
Сондай-ақ, қаулыда COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмыс істеуге шектеу қойылған.Жаңа қаулыға сәйкес, Ashyq жобасына қатысатын нысандардың жұмыс кестесі мынадай:
- Қоғамдық тамақтану нысандары: сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін, толымдылығы 50 пайызға дейін, бірақ 50 орыннан артық емес. Олардың жұмысы сенбі және жексенбі күндері тоқтатылады.
- Жазғы алаңдар сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді, бірақ 50 орыннан аспайды (сенбі және жексенбі күндері жұмыс тоқтатылады).
- Фуд-корттар сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін, бірақ 30 орыннан артық емес (20 пайыз) (сенбі және жексенбі күндері жұмыс тоқтатылады).
- Банкет залдары (ас беру, мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету) – сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін бір адамға 4 шаршы метрден кем емес, бірақ, 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген кезде (сенбі және жексенбі күндері жұмыс тоқтатылады).
- Сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтар, йога-орталықтар сенбі және жексенбі күндері жұмыс істейді.
- Мәдениет нысандары (дайындық) - 30 адамға дейін, сондай-ақ, екі компонент салдырған (сенбі және жексенбі күндері жұмысты тоқтату).
- Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары мен филармониялар толымдылығы 30 пайыздан аспайтын уақытта жұмыс істей алады, сенбі және жексенбі күндері олар жұмысын тоқтата тұрады. Бильярд бөлмелері 12:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс режимімен 30 пайыздан аспайтын мөлшерде жұмыс істей алады (олардың жұмысы сенбі және жексенбі күндері тоқтатылады).
- PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар 12:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс режимімен 30 пайыздан аспайтын келушімен жұмыс істейді (олардың жұмысы сенбі және жексенбі күндері тоқтатылады).
- Боулинг клубтары да 30 пайыздан аспайтын мөлшерде жұмыс істейді, жұмыс режимі сағат 12:00-ден 24:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді.
- Караоке-клубтарға сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, бірақ, 30 адамнан аспауы керек (сенбі және жексенбі күндері жұмыс тоқтайды).
- Қаулы 2021 жылғы 22 шілдеде түнгі сағат он екіден бастап күшіне енеді.
Қаулының толық мәтінін мына жерден толық оқи аласыз.