Алматыдан Маңғыстау мен Семейге қосымша пойыздар жүретін болды
Алматыдан Маңғыстау мен Семейге қосымша пойыздар жүретін болды
© elorda.info
105
оқылды
Алматыдан Маңғыстау мен Семейге қосымша пойыздар жүретін болды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» баспасөз қызметі.
«Сұраныстың артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Алматы-2 – Маңғыстау» бағытындағы №287/288 және «Алматы-2 – Семей» бағытындағы №477/478 коммерциялық жолаушылар пойызы жүретінін хабарлайды. №287/288 пойызы 2021 жылғы 21 шілдеден бастап, ал, №477/478 пойызы 2021 жылғы 23 шілдеден бастап Алматы-2 станциясынан аптасына бір рет қатынайды» делінген хабарламада.
Билеттерді bilet.railways.kz сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуге болады. Немесе темір жол билеттерін сатып алу үшін «Күту парақшасын» пайдалана аласыз. Жолда және вокзалдарға кіріп-шыққанда маска тағу міндетті.