Олимпиада ұйымдастыру үшін қанша ақша жұмсалды?
Олимпиада ұйымдастыру үшін қанша ақша жұмсалды?
Фото: news.myseldon.com
234
оқылды
Жапонияның Токиодағы Олимпиада ойындарына жалпы шығын 15,4 миллиард долларды құрады. Бұл жайлы Токио-2020 Ұйымдастыру комитетінің бас хатшысы Тоширо Муто Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) 138-сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz. Олимпиада ойындары коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға шегерілді. Байрақты бәсеке 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.
«Жапония үкіметі мен Токио басшылығы ұйымдастырған Олимпиада ойындарының жалпы құны 15,4 миллиард долларды құрады», - деді Муто.
Ұйымдастыру комитетінің бас хатшысы турнир бюджеті жарыстың бір жыл кеш өтуіне байланысты қайта қаралғанын атап өтті. Олимпиадада қауіпсіз жағдай жасауға қосымша 900 миллион доллар жұмсалған.