Түркістан облысында бір күнде 3 той тоқтатылды
Түркістан облысында бір күнде 3 той тоқтатылды
144
оқылды
Түркістан облысында тәулік ішінде карантин режимін сақтамай, үш той жасаған тойхана иелері анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысы Сарыағаш ауданында шектеу шараларын сақтамай, қағидалардың бұзылуына жол берген бірнеше тойхана иелері анықталды. Аудандағы елді-мекеннің бірінде орналасқан тойханада 80-нен астам тұрғын жиналып, бесік той өткізіп жатқандығы анықталды. Сонымен қатар, одан бөлек, екі тойхананың бірінде 150-ден астам адам жиналып, беташар болып жатса, енді бірінде 180 тұрғын жиналған сүндет той өткізілген. Аталған тойхана иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ, гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша іс-құжаттар жинақталып, Сарыағаш аудандық СЭББ-ға жолданды. https://youtu.be/14JyLAbL3tc