Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегінде WBA титулын қорғайды
Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегінде WBA титулын қорғайды
134
оқылды
Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (15-0, 14 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды. Отандасымыз 21 тамызда Гамбургте өтетін бокс кешінде WBA International титулын қорғайды. 32 жастағы қазақстандық «Танк» лақап атымен танымал 31 жастағы америкалық Джоуи Давейкомен (21-8-4, 12 КО) 12 раундтық жекпе-жек өткізеді. Жан Кособуцкий биыл 20 ақпанда Гамбург қаласында нигериялық Онориоде Эвариемені (18-2, 17 КО) нокаутқа жіберіп, WBA International титулына ие болды. Ал Давейко кейінгі жекпе-жегін туған жері Филадельфияда өткізді. 2021 жылы 3 сәуірде өткен кездесуде отандасы Джо Джонсты (11-4, 8 КО) техникалық нокаутпен жеңді.