Әлемдегі ең бай адам ғарышқа ұшты
Әлемдегі ең бай адам ғарышқа ұшты
Фото: delfi.lt
247
оқылды
Amazon компаниясының негізін қалаушы, әлемдегі ең бай адам Джефф Безос New Shepard кемесімен ғарышқа ұшты. New Shepard ғарыш кемесін Джефф Безостің жеке компаниясы Blue Origin құрастырған.  Әлемнің ең бай адамының қасында ағасы Марк, 82 жастағы ғарышкер Уэлли Фанк және нидерландық 18 жастағы Оливер Дэмен болған. Экипаж капсуласы ғарыш шекарасы саналатын Карман сызығынан өтіп, 107 шақырым биіктікке жетті. Кемедегі Дэмен ғарышқа ұшқан ең жас адам болса, ал Франк ең қарт адам. Жалпы ұшу уақыты 11 минутты құрады. https://twitter.com/SPACEdotcom/status/1417473157166997504?s=20  width= [caption id="attachment_152090" align="alignnone" width="496"] width= Фото: rg.ru[/caption] Бұған дейін 11 шілдеде британдық миллиардер Ричард Брэнсон ғарышқа саяхаттап, ғарышқа жеке ұшақпен ұшқан алғашқы адам атанды. Келесі жылдан бастап тұрақты ғарыш турлары ұйымдастырылады. Бір билеттің құны 250 мың доллар тұрады.