Ухань қаласында салынатын екінші мамандандырылған ауруханаға пневмония індеті әсер еткендіктен, 1600 төсекке дейін кеңейту туралы шешім қабылданды, – деп хабарлайды РИА Новости Қытайдың орталық теледидарына сілтеме жасап. Бұған дейін аурухана 1,3 мың төсек-орынға есептелген болатын. Аурухананың аумағы да бастапқы жоспармен салыстырғанда ұлғайтылып, 60 мың шаршы метрді құрайды, оның 51 мың шаршы метрі науқастарды қажетті карантиндік жағдайға орналастыруға, ал 9 мың шаршы метр – медициналық персоналды тәулік бойы орналастыруға бөлінеді. Құрылыс жарты ай ішінде аяқталады деп жоспарлануда. Айта кетейік, Уханьда, өткен жұмада ауданы 25 мың шаршы метрді құрайтын алғашқы аурухананың құрылысы басталған, ол 2 ақпанда аяқталады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қытайда жаңа вирусты 5974 адам жұқтырған, олардың 132-і қайтыс болған. Сонымен қатар, тағы 9239 іс коронавирустың жаңа түріне күдік туды. Қазіргі уақытта науқастармен тығыз байланыста болған қосымша 59990 адам бақылауда.