Дәрігерлерге коронавирусты емдегені үшін үстемеақы төленбейтін болды
Дәрігерлерге коронавирусты емдегені үшін үстемеақы төленбейтін болды
Фото: nur.kz

«Тамыз-қыркүйек айларында 50% төленеді. Бұл жүйенің орнына 1 қазаннан бастап медицина қызметкерлерін қолдаудың өзге шаралары енгізіледі. Олар елдегі эпидемиологиялық жағдайға тәуелді болмайды», – деді Тоғжанов.

Оның айтуынша, дәрігерлерге қаржылық қолдау былтыр наурыз айынан бері көрсетіліп келеді. Осыған дейін 229 миллиард теңге төленді.

Бұған дейін жедел жәрдем қызметкерлері жалақыға қатысты шағымданған болатын.