Қазақстандықтар Олимпиада ойындарын қайдан көре алады?
Қазақстандықтар Олимпиада ойындарын қайдан көре алады?
Коллаж: А.Ахметқазы
240
оқылды

XXXII жазғы Олимпиада ойындары Токиода 23 шілдеде басталады. Қазақстан құрамасы 27 спорт түрінен 97 лицензия жеңіп алды. Спортшылардың жарысын қазақстандықтар қайдан көре алады?

Токио Олимпиадасы көрерменсіз өтеді, тіпті жапониялықтар да ойындарды өз көзімен көре алмайды. Әлемде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты бүкіл әлем халқы олимпиаданы онлайн-трансляциялардан көреді. Бірақ биыл Олимпиада ойындарының трансляциясы қазақстандық телеарналардан көрсетілмейді. "Токиодағы Олимпиада ойындарының тікелей эфир құқығы Dentsu Inc. компаниясына тиесілі. Qazaqstan, Qazsport және "Хабар" республикалық телеарналары Dentsu Inc. компаниясымен 2019 жылдан бері келіссөздер жүргізуге тырысқан. Алайда ұзақ келіссөздерге қарамастан тараптар келісімге келе алмады. Құқық иесі 2016 және 2018 жылдардағы бағамен салыстырғанда ойындарды трансляциялауға лицензияның бағасын 123%-ға артық белгілеген", – деді Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің басшысы Данияр Кәрімжан. [caption id="attachment_152167" align="aligncenter" width="944"]Токио Олимпиадасы Коллаж: А.Ахметқазы[/caption] Отандық телеарналарда көрсетілмесе, Олимпиада ойындарын трансляциялауға құқығы бар басқа елдердің арналарынан көре аламыз. Ол үшін теледидарыңыз кабель жүйесіне қосылған болса жеткілікті. Ал қосылмаса, олардың онлайн қызметін қолдануға болады. Гаджетке VPN жүктеп алсаңыз, қай жерде жүргеніңізге қарамастан онлайн қосымшаларын қолдануға болады. Ол үшін VPN-нен өзіңіз қалаған елді таңдайсыз. VPN жүктегенде мұқият болыңыз, себебі кейбірі тегін болса, құрылғыға қауіпті болуы мүмкін. Олимпиада ойындарынан трансляция жасау құқығы Ресейдің үш телеарнасына берілген. Олар: "Первый канал", "Россия 1" және "Матч ТВ" Ұлыбританиялық BBC, Eurosport телеарналары да көрсетеді. Онлайн тікелей трансляцияны BBC iPlayer, Eurosport player қосымшасынан қарауға болады. Eurosport player қызметінің бір айлық құны – 4 мың теңге шамасында. АҚШ-та Олимпиада ойындарының ресми хабар таратушысы – NBC. Оны NBCSN немесе NBC арналарынан көруге немесе Peacock TV онлайн қызметін пайдалануға болады. Бұл қосымшаны тіркелгеннен кейін алғашқы жеті күн тегін қолдануға болады. Егер сіздің теледидарыңыз кабель жүйесіне қосылған болса, канадалық Sportsnet, TSN, CBC және TLN арналарынан Олимпиада ойындарын көруге болады. Sportsnet, TSN және CBC ойындарды онлайн режимінде көруге мүмкіндік береді. Ол үшін тіркелу қажет. Кейбірінің қызметі ақылы болуы мүмкін. Мысалы, Sportsnet қызметі айына 6 мың теңге шамасында, ал TSN онлайн қызметі күніне 1600 теңге көлемінде тұрады. Олимпиаданың ресми арнасы интернетте бәріне қолжетімді. Онда Олимпиада ойындарының тарихындағы ең маңызды сәттердің қайталауын, кейбір жарыстың тікелей эфирін және спортқа қатысты басқа да деректі фильмдерді көре аласыз. XXXII жазғы Олимпиада ойындарының ашылу, жабылу рәсімін осы ресми арнадан көрсеңіз болады. Айта кетейік XXXII жазғы Олимпиада ойындары Токиода 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы 27 спорт түрінен 97 лицензия жеңіп алды.