Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 62 адам қайтыс болды
Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 62 адам қайтыс болды
Фото: azattyq-ruhy.kz

Өткен бір тәулікте коронавирустан – 54 науқас, пневмониядан 8  адам көз жұмды.

Жалпы пандемия басталғалы коронавирустан 5116 адам, пневмониядан 3562 адам қайтыс болды. 21 шілдедегі мәлімет бойынша, республикада 64 367 адам коронавирустан (62 651+ және 1716 КВИ-) емделіп жатыр. Соның ішінде 20 050 науқас стационарда, 44 317 науқас амбулаториялық ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1157 адамның жағдайы ауыр, 263 пациенттің жағдайы өте ауыр, 160 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.   [caption id="attachment_152139" align="aligncenter" width="630"] width= Фото: ДСМ-нен алынды[/caption]

Бүгін коронавирусқа шалдыққандардың саны жарты миллионнан асты.