Өткен бір тәулікте коронавирустан – 54 науқас, пневмониядан 8 адам көз жұмды.
Жалпы пандемия басталғалы коронавирустан 5116 адам, пневмониядан 3562 адам қайтыс болды. 21 шілдедегі мәлімет бойынша, республикада 64 367 адам коронавирустан (62 651+ және 1716 КВИ-) емделіп жатыр. Соның ішінде 20 050 науқас стационарда, 44 317 науқас амбулаториялық ем қабылдауда.КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1157 адамның жағдайы ауыр, 263 пациенттің жағдайы өте ауыр, 160 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған. [caption id="attachment_152139" align="aligncenter" > Фото: ДСМ-нен алынды[/caption]Бүгін коронавирусқа шалдыққандардың саны жарты миллионнан асты.