Елордада бір күнде екі бала терезеден құлап кетті
Елордада бір күнде екі бала терезеден құлап кетті
© inform.kz
103
оқылды
Елордада бір күнде екі бала үйдің терезесінен құлап кеткен, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 20 шілде күні полицияға көптеген жарақат алған 2 жасар сәби қалалық балалар ауруханасына түскені туралы хабар келген. Күндізгі уақытта баланың анасы қызын үйде жалғыз тастап, дүкенге шығып кеткені анықталды. Ашық қалған терезенің алдына тырмысып шыққан бала москит торына тіреліп, содан кейін 4 қабаттың терезесінен құлап кеткен. Дәл сол күні 1-қабаттың балконынан 4 жасар бала құлап кеткен. Абырой болғанда, бала ауыр жарақаттар алмаған. Пәтерде бүлдіршін үлкендермен бірге болған. Оның ата-анасы ас үйде тамақ ішіп жатқанда, бала келесі бөлмеде ойнап отырған. Полицияда атап өткендей, жыл басынан бері елордада көпқабатты үйлердің терезесінен 13 бала құлап кеткен, біреуі көз жұмған.