«Бетін шанышқымен күйдірген»: Түркістан облысында келін мен қайын әпкесінің арасында болған оқиғаға полиция пікір білдірді
«Бетін шанышқымен күйдірген»: Түркістан облысында келін мен қайын әпкесінің арасында болған оқиғаға полиция пікір білдірді
Фото: instagram.com/gulmir_ktk
146
оқылды
Түркістан облысының полиция департаменті келін мен қайын әпкесінің арасындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Түркістан облысында ақыл-есінің дамуында тежеуі бар келіншектің бетін қайын әпкесі ыстық шанышқымен күйдірген. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай хабарлады. Келін газ плитасын уақытылы жумағаны үшін осындай қорлық көрген.
"Отырар АПБ-ға осы жазбадағы жайт бойынша ешкім арызданбаған. Десе де, бұл жайт Түркістан облыстық Полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды. Отырар АПБ полицейлері заң аясындағы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", – делінген  хабарламада.
Журналист Гүлмира Әбіқайдың айтуынша, қазір зәбір көрген 40 жастағы әйел балаларымен төркініне кеткен.