«Велосипедімен қоса үш метрге ұшырып жіберді» - Тараздағы жантүршігерлік жол оқиғасы
«Велосипедімен қоса үш метрге ұшырып жіберді» - Тараздағы жантүршігерлік жол оқиғасы
© ernur.kz
236
оқылды
Кеше түнде Тараз қаласында жантүршігерлік жол оқиғасы орын алды. Баласағұн орталық концерт залының маңындағы жаяу жүргіншілер жолағында  велосипедпен келе жатқан қала тұрғынын  көлік қағып кетті. Бүгін әлеуметтік желілерде тараған видеода көлік өте қатты жылдамдықпен келіп, велосипедті адамымен қоса үш  метрдей жерге ұшырып әкеткенін көруге болады. Видеоны көргендер жаға ұстап, жолдан өтуде абай болуға шақыруда. Енді бір топ көлік жүргізушісін кінәлап жатыр. Оған да негіз жоқ емес секілді. Себебі таңертең оқиға орнында болғандардың адам қаққан көліктің рулінде отырған жас жігіт мас болғаны  және оның темір тұлпарының салонында ішімдіктің шөлмектері толып тұрғаны туралы видео тараған. Бұл оқиғаға қатысты Жамбыл облыстық Полиция департаменті әзірге еш мәлімдеме жасаған жоқ.

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы