Алматыға кіреберісте 12 блокпост қойылды. Бұл тұрғындар қалаға қой алып келмеуі үшін жасалған шара. Блокпосттар 22 шілдеге дейін тұрады, – деп хабарлайды "Хабар 24". Құрбандықты qurban2021.kz сайты арқылы қашықтан шалуға болады. Алматы мешіттерінің өкілдері тапсырыс берушінің атынан дұға жасап, етті жағдайы нашар адамдарға таратып береді.
"Пандемия біздің өмірімізге қалай әсер етсе де, меніңше, онлайн құрбандық шалу – ең дұрыс шешім. Біріншіден, тапсырыс беруші уақыт өлтірмейді, денсаулығын сақтап, үйде отырады. Ал етті жағдайы нашар адамдарға еріктілер жеткізеді", – дейді Алматының бас имамы Төлеби Оспан.