Қайғылы оқиға 16 шілдеде Бөкейорда ауданы Бисен ауылында болған. 11 жасар бала қысқа оқпанды винтовкамен өзін абайсызда атып тастаған. Ақпаратты аудандық әкімдік растады.
– Отбасы жақсы отбасылардың бірі. Отағасы шаруа қожалығымен айналысады, 4 бала тәрбиелеп отыр. Оқиға қалай болғанын айта алмаймыз, — деп хабарлады Бөкейорда ауданы әкімдігі.Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жасөспірімнің абайсызда мойнына оқ атқанын хабарлады. Ата-анасы сол сәтте үйде болмаған.
– Жедел жәрдем станциясына хабар 12.30-да түскен. Алайда бала жедел жәрдем келгенше көз жұмған, —деп хабарлады ведомство.Ұл бала биыл 6-сыныпты бітірген.