Үйіне шөп әкелгенін көрген маңғыстаулық  әже жылап жіберді – видео
Үйіне шөп әкелгенін көрген маңғыстаулық  әже жылап жіберді – видео
Фото: видеодан скриншот
Биылғы қуаншылыққа байланысты аштықтан малы қырылған елді мекендерге шымкенттік Құрмет Талапқазы есімді жігіт асарлатып шөп жеткізу шараларын ұйымдастырып жүр. Бүгінде оны қолдаушылар қатары көбейген. Құрғақшылық жайлап, шөп шықпай қалған батыс өңірлеріне әр аймақтан көмек қолын созушылар күн сайын мал азығын жөнелтіп жатыр, – деп жазады Egemen.kz. Желіде сондай сәттердің бірінен видео тарады. Кадрда үйіне шөп әкелген жастардың әрекетін көрген маңғыстаулық әже жылап жіберді. Қуаныштан жылаған ақжаулықты ана қысылғанда қолдау болғандарға ақ батасын беріп, алғысын жаудырды.
«Рақмет, жарықтарым. Сөйлей алар емеспін. Осындай күйге түсіп қалдық... Қол ұшын созып жатқан жандарға Алла риза болсын, дендері сау болсын, отбасыларына бақыт тілеймін», – деді қуаныштан көңілі босаған ана. 
Әлеуметтік желі қолданушылары видеоны жарыса бөлісіп, топтарда кеңінен талқылап жатыр. Олардың көбі видеодағы оқиғаны «Көңіл тебірентерлік сәт» десе, енді бір «Құрмет секілді азаматтар көп болсын» деп тілек білдірді. https://www.youtube.com/watch?v=LIiM7u6cnYc&ab_channel=EgemenTV