Бүгін «Астана қалалық жарық» ЖШС қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпенің екінші дозасын алды, — деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
«Астана қалалық жарық» ЖШС — көшелер мен саябақтарды жарықтандыруды және тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ететін кәсіпорын. Біз халықпен, тұтынушылармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтіндіктен вакцина алу туралы шешім қабылдадық. Оған өз еркімізбен, саналы түрде келдік», — дейді кәсіпорын директорының орынбасары Сұлтан Саханов.Оның айтуынша, кәсіпорында 174 адам жұмыс істейді. Қызметкерлердің 86%-ы КВИ вакцинасын алды, 23%-ының екпе алмауға медициналық себебі бар. Ұжымға үлгі болу үшін компания басшысы Арсен Бимұханов вакцинаны бірінші болып алған.
«Қазір біз қызметкерлер арасында ұжымдық иммунитетті арттыруға деген ұмтылысты байқап отырмыз», — деді Сұлтан Саханов.Еске сала кетейік, елордада күн сайын өз қызметкерлерін толық иммундаудан өткізген компаниялар саны артып келеді. Көптеген кәсіпорындар жұмыс процесін үзбеу үшін мобильді вакцинация тобын шақырады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Magnum Cash&Carry» сауда желісінің, «Small» гипермаркеттер желісінің, №1 автобус паркінің, «Регион» таксопаркінің және т.б. қызметкерлері иммундаудан өткен болатын. Бүгінгі таңда елордада вакцинаның бірінші компонентін 318 мыңнан астам адам алды, ал 202 мыңнан астам адам толық иммундаудан өтті. Сондай-ақ, «Астана су арнасы» МКК қызметкерлері екпе қабылдап, қала тұрғындарын вакцина алуға шақырды. Бұл кәсіпорында 1921 қызметкер жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі КВИ-ге қарсы екпе алды.