Ақтауда жол апатынан 1 адам көз жұмды

Ақтауда жол апатынан 1 адам көз жұмды

Ақтауда Lada Largus жүргізушісі жол апатынан оқиға орнында көз жұмды. Маңғыстау облыстық ауруханасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2002 жылы туған Lada Largus жүргізушісі апат орнында қайтыс болды. Зардап шеккен бір жолаушы ауруханаға жеткізілген.

«Ауруханаға 2002 жылы туған жас жігіттің мәйіті жеткізілді. Сондай-ақ апаттан зардап шеккен қыз бала да ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған медициналық көмек көрсетті. Алдағы уақытта амбулаториялық ем алуы керек»,– делінген облыстық аурухананың баспасөз қызметі таратқан баспасөз хабарламасында.
https://www.youtube.com/watch?v=A-O2pKc7kEU Жол-көлік оқиғасы 20 шілде күні сағат 23:30 шамасында Ақтаудың 7-шағынауданында болған. Жолда Toyota және LADA Largus маркалы көлік соқтығысқан. Салдарынан Toyota көлігі аударылып қалған.