Желіде салмағы 204 келі алып қойдың видеосы пайда болды - (видео)
Желіде салмағы 204 келі алып қойдың видеосы пайда болды - (видео)
Фото: exk.kz
Желіде салмағы 204 келі алып қойдың видеосы пайда болды. Қазақстанның қай өңірінде құрбандыққа шалынғаны әзірге белгісіз деп жазады Экспресс К. Бойы мен салмағы тайыншадай қойдың видеосы TikTok әлеуметтік желісінде жарияланды. Онда бір топ азаматтың алып қойды сырттан әкеліп, салмағын өлшеп жатқанын көруге болады. "Гулливерді әкеле жатыр. Салмағы – 204 келі. Қуаныш бауырым, мықты қошқар екен", – дейді видео авторы. Қазақстанда 20-22 шілде аралығында мұсылмандардың Қасиетті Құрбан айт мейрамы тойланып жатыр.