"Қайрат" өз алаңында "Црвена Звезданы" жеңді
"Қайрат" өз алаңында "Црвена Звезданы" жеңді
©Айтжан Мұрзанов
160
оқылды
Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі матчында алматылық «Қайрат» өз алаңында сербиялық «Црвена Звездамен» ойын өткізді. Алматыда өткен кездесу 2:1 есебімен «Қайраттың» пайдасына аяқталды. 12-минутта Косович жамбастың артқы бетінің бұлшықетін созып алды, нәтижесінде оны алаңнан алып кетті, ал оның орнына Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский алаңға шықты. 24-минутта Хосе Канте допты қақпаға дәл бағыттады. Алайда, 57-минутта Дино Миканочив жасалған соққыны қайтарамын деп өз қақпасына гол соғып алды. Ал 79-минутта алматылық клуб футболшылары жеңіс голын соқты. Маки Баньяк серб қақпасынан саңлау тапты. [caption id="attachment_152569" align="alignnone" width="1200"]Қайрат ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Чемпиондар лигасы 2021/22. Іріктеу кезеңі. 2 тур. Бірінші матч. "Қайрат" - "Црвена Звезда" 2: 1 (1: 0) Голдар: Канте 24, Баньяк 79 - Миканович а / г 57. Енді қарымта ойын 29 шілдеде Белградта өтеді.