Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі матчында алматылық «Қайрат» өз алаңында сербиялық «Црвена Звездамен» ойын өткізді.
Алматыда өткен кездесу 2:1 есебімен «Қайраттың» пайдасына аяқталды.
12-минутта Косович жамбастың артқы бетінің бұлшықетін созып алды, нәтижесінде оны алаңнан алып кетті, ал оның орнына Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский алаңға шықты. 24-минутта Хосе Канте допты қақпаға дәл бағыттады.
Алайда, 57-минутта Дино Миканочив жасалған соққыны қайтарамын деп өз қақпасына гол соғып алды. Ал 79-минутта алматылық клуб футболшылары жеңіс голын соқты. Маки Баньяк серб қақпасынан саңлау тапты.
[caption id="attachment_152569" align="alignnone" width="1200"]