Аймақтағы жиі кездесетін проблемалар туралы министр Facebook-тағы парақшасында жазды.
«Ақтаудағы ХҚКО-да адам көп. Демалыстан кейін әдетте осылай болады. Жұмысшылармен бірге клиенттерге қызмет көрсетіп, сауалдарына жауап бердім.Мына фотодағы қыз күллі отбасы үшін анықтамалар алуға келіпті.Грантқа құжат тапсырам деп біраз талапкер жүр. Бұл орайда, бүгінгі таңда жүйеде 30 мыңнан астам өтінім тіркелген. Алдағы уақытта бұл қызметті проактивті ету қажет. Яғни жүйені бот сияқты оңай әрі қолайлы ету керек: ЖОО, мамандық және т.б. таңдау. Ал құжаттарды өз қолыммен тапсырамын деушілер үшін ХҚКО баламасын – ҰБТ тапсырған арнайы залдарды ұсыну керек деген ой келді. Сол жерде бірден UStady басшылығымен осы мәселені талқылап, қолдау таптық. Түлектер ҰБТ тапсырған жерде бірден құжаттарын да өткізе алатын болды. Биыл осы идеяны пилот ретінде жүзеге асырады, бұл ХҚКО-дағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.