Үйде өзін-өзі емдегендер жансақтау бөлімінде қайтыс болып жатыр – дәрігер
Үйде өзін-өзі емдегендер жансақтау бөлімінде қайтыс болып жатыр – дәрігер
Фото: gazovik.info
141
оқылды

Бұл туралы инфекционист дәрігер, Нұр-Сұлтан қаласының көпсалалы медициналық орталығы директорының орынбасары Сәуле Атығаева айтты.

Оның айтуынша, өзін-өзі емдеудің салдары қиын, реанимацияға жиі түседі. «Интернеттегі ақпараттар бойынша биологиялық қоспаларды, шөптерді, иммуностимуляторларды пайдаланып, емделетіндер бар. Олар антикоагулянттарды бірден қабылдап жатады. Оны пайдалы және иммундық жүйені нығайтады деп санайды. Дегенмен, бұл – үйде емделудің ең тиімсіз және ең сауатсыз тәсілі. Дәрігерге қаралмай, өз денсаулығына зиян келтіреді. Коронавирустың өте қауіпті екенін түсінуіміз керек. Ал мутацияланған «Дельта» штамы жұқпалы. Өзі ғана емес, жақындарыңның да реанимацияға түсуіне себеп болуың мүмкін. Жоғары температура, ентігіп, демала алмай қалғанда ғана дәрігерлерге хабар береді. Өкініштісі, өзін-өзі емдеймін деп уақыт жоғалтады», – дейді Сәуле Атығаева. Дәрігердің айтуынша, науқастардың басым бөлігі ауыр халде келіп, тыныс алу аппаратын қолданады.

«Өзін-өзі емдеуден кейін бәрі бірдей аман қала бермейді. Ауру асқынып кеткен соң, салдарынан науқастарды аман алып қалу мүмкін болмай жатады. Реанимацияға түсіп, қайтыс болған пациенттердің басым бөлігі дер кезінде дәрігерге хабар бермей, өзін-өзі емдеумен айналысқан», – деді дәрігер.