Ажырасқан азаматтар баспана кезегінен біржола айырылуы мүмкін
Ажырасқан азаматтар баспана кезегінен біржола айырылуы мүмкін
Фото: turkystan.kz
135
оқылды

Сол үшін ажырасқанын арнайы мамандарға ескертуі тиіс. Осы кезге дейін 8200-ге жуық астаналық Халыққа қызмет көрсету орталығына отбасылық мәртебесін айқындау бойынша өтініш қалдырған.

Астанада 49 000 адам мемлекеттік баспана кезегінде тұр. Жылжуы қиын кезектен қапыда айырылып қалуыңыз да мүмкін. Сондықтан отбасылық мәртебені айқындау қажет.

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы филиалының PR менеджері Айнұр Жақанова: «Сіз кезекке тұрған кезде тұрмысқа шықсаңыз, бірақ белгілі бір себептерге байланысты ажырасқан болсаңыз, сол кезде де ХҚКО-ға келіп, кезектен отбасының басқа тұлғаларын, мәселен, күйеуіңізді алып тастауыңызға болады», – деді.

Яғни, жұбайлардың біреуі баспаналы болып жатса, екіншісі тізімнен түсіп қалады. Сол үшін ажырасу туралы куәлікті бірден цифрландыру қажет. Өйткені базадағы құжаттар көрінбей қалуы мүмкін.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі тұрғын үй қорының баспасөз хатшысы Арманай Оңғарбаева: «Кезекке тұрған кезде отбасы құрамын көрсету керек. Яғни, әйелі тұратын болса кезекке, ол жұбайын көрсетеді. Егер де кейін олар бағдарлама бойынша үй алып жататын болса, ортақ мүлік болып есептеледі. Үй отбасы құрамына байланысты беріледі», – деді.

Баспанаға мұқтаж адам тұрғылықты мекенжайын ауыстырса, отбасылық мәртебесін айқындамаса және мүлік иесі атанатын болса, сондай-ақ мүгедектік дәрежесі өзгерген жағдайда да тұрғын үй қорынан алдын ала ескерту жіберіледі.