Сүйіктісінің интим фотосын әлеуметтік желіде таратқан талдықорғандық 5 жылға соттала ма?
Сүйіктісінің интим фотосын әлеуметтік желіде таратқан талдықорғандық 5 жылға соттала ма?
Фото: zakon.kz

Алматы облысында 23 жастағы жәбірленуші 19 шілдеде полицияға арызданған.

«Жәбірленуші сүйіктісімен былтыр шілдеде айырылысқан. Ер адам оны бір жылдай аңдып жүрген. Артынша оның интим суреттерін әлеуметтік желіге таратып жіберетінін айтып, қоқан-лоққы көрсеткен. Ер адам полицияға жеткізілді. Ол куәлік етіп, кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Ол жауапқа тартылады», – деді қалалық ПБ басшысы Асқар Нұрсапа.

Ер адам бірнеше рет бұрынғы сүйіктісінің парақшасын бұғаттамақ болған. Әлеуметтік желіде оның атынан парақшалар ашып, фотолары мен видеоларын жүктеп отырған. Полицейлер соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 147-бабы, 4-бөлігі бойынша жүргізіліп жатқанын айтты.

Күдікті бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.