Ол 2016 жылы оңтүстік астанада орын алған теракт кезінде қаза тапқан полицей Аян Ғалиевтің отбасымен және 10 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы жалғызбасты анамен кездесті деп хабарлайды Aikyn.kz AstanaTV-ға сілтеме жасап.
5 жыл бұрын алматылық полицей Аян Ғалиевтің отбасы асыраушысынан айырылды. Полиция қызметкері террористің қолынан қаза тапты. Марқұмның зайыбы мен екі баласына Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан сол кездегі қала әкімі Бауыржан Байбек пәтер кілтін табыс еткен болатын. Жаңа қоныс иелерінің тұрғын үйге алаңсыз жайғасуы үшін жөндеу жұмыстарына да көмек берілді.https://youtu.be/ozwfhB6BxHo Өз кезегінде Nur Otan Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек азаматтарды қабылдау барысында бүгінде Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әлеуметтік осал топтарға, көпбалалы отбасыларға да ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. «Бақытты отбасы» бағдарламасы қарқынды іске асырылуда. Бұл мәселеден Nur Otan партиясының мүшелері де шетте қалмайды. Жыл басынан бері партияның қоғамдық қабылдаулары 14 мыңнан астам қабылдау өткізіп, 74 мың қазақстандықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Өтініштердің 96%-ы оң шешімін тауып, консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді. Қалған 4% орындалу үстінде. Жалпы, соңғы 2 жылда партия мүшелері жарты миллионнан астам өтініш қабылдады. Олардың 74%-ы интернет арқылы жолданған» делінген сюжетте.«4 жыл бұрын Елбасы атынан Бауыржан Қыдырғалиұлының қолынан пәтер кілтін алдық. Бүгін ол бізді тағы да кездесуге шақырып, хал-жағдайымызды сұрап жатыр. Осындай қамқорлығы үшін рақмет айтамын. Егер мемлекет болмаса, не істерімді, тіпті, білмес едім», – деді Айнұр Арғынбекова.