Егін орып жүрген комбайншы токқа түсіп, көз жұмды
Егін орып жүрген комбайншы токқа түсіп, көз жұмды
Фото: foodindustry.kz

Комбайншы сол жерде қайтыс болды. Бұл туралы «Мой город» жазды.

Оқиға кеше сағат 11:50-де Бәйтерек ауданы Достық кентінен төрт шақырым қашықта егістікте болған.

26 жастағы комбайншы егістікпен келе жатқан. Жолда комбайнның газ шығаратын түтігі электр желісінің сымдарына тиіп кеткен. Ток соққан жүргізуші көз жұмды.

Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бес қызметкері барғанымен, комбайншыны құтқара алмады.