Қазақстандықтардың қанша пайызы бақытты?
Қазақстандықтардың қанша пайызы бақытты?
Фото: longislandpress.com
224
оқылды

Қазақстандықтардың 60%-дан астамы өміріне қанағаттанатынын, 0,5%-ының көңілі толмайды. Бірақ қазіргі қаржы жағдайын тек 40%-ы қанағат тұтады. Ұлттық статистика бюросы 12 мың адамнан алған сауалнама нәтижесін жариялады.

Қазақстандықтардың үштен бірі әл-ауқатының жақсарғанын айтқан. Алайда сауалнамаға жауап бергендердің жартысынан көбі отбасының экономикалық жағдайына көңілі толмайтынын жеткізген. Сауалнамаға қатысқандардың 67,2%-ы өмірінде бақытты екенін айтса, 31,2%-ы бақытты өміріне толық емес, ішінара қанағаттанса, 0,5%-ы мүлде қанағаттанбайтынын, ал 1,1%-ы жауап беруге қиналатынын айтқан. Ал 51,8%-ы тұрғын үйінің сапасына көңілі толады, 44,8%-ының ішінара толмады, 2,6%-ы үйінің сапасына көңілі толмайтынын айтқан. 60,5%-ы әл-ауқатының өзгермегенін, 33%-ы жағдайы жақсарғанын, 6,5%-ы әл-ауқаты нашарлағанын айтқан.