Ақшұқыр ауылы әкіміне үміткер Мәжіліс депутатымен бірге халықпен кездесті
Ақшұқыр ауылы әкіміне үміткер Мәжіліс депутатымен бірге халықпен кездесті
452
оқылды
Ақшұқыр ауылы әкіміне үміткер Жәнібек Еркебұлан облысымызға арнайы жұмыс бабымен келген Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Саиров Ерлан Бияхметұлымен бірге «KAZAKH OSETR» ғылыми өндірістік мекемеcінде жастармен және жергілікті тұрғындармен кездесті.
Кездесуге «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбілов Е., облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Есбергенова З., Маңғыстау облыстық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшесі Ешманов К., «KAZAKH OSETR» ғылыми өндірістік мекемеcінің директоры Жақыпова Т., Президент жанындағы Ұлттық Сенім Кеңесінің мүшесі Ерсайынұлы У., Түпқараған аудандық мәслихат депутаты Адеков Н., БАҚ өкілдері және тұрғындар қатысты.
- Бүгін біз осы ауылдың азаматы Еркебұлан Жәнібекті қолдауға келіп отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, 25 шілдеде сайлау өтеді, биыл әкімдікке үміткерлер ішінде 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 14 пайызды құрайды. Осындай Еркебұлан сияқты жастар халықтың мүддесін билікке жеткізетін, байланыс орнататын көпір болады деген сенім мол. Жастармен кездесуге келген себебіміз де сол, арамызда ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, партия мен халық, қоғам мен биліктің  арасындағы  байланысты  күшейту,- деді «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі және партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңестің төрағасы Саиров Ерлан Бияхметұлы.⠀
Кездесу барысында мәслихат депутаты Адеков Н. жиналған жастардың ауыл әкімдігіне үміткер Еркебұлан Жәнібектің сайлауалды бағдарламасын қолдайтындықтарын, жаңа әкімнен оң өзгерістер күтетіндігін жеткізді.
Сонымен қатар ауыл белсендісі Уаис Ерсайынұлы, облыстық партия төрағасының бірінші орынбасары Е. Әбілов сөз сөйлеп, Е. Жәнібекке сәттілік тіледі.
Бұл кездесуден кейін партиялықтар ардагер ұстаз Әбдірахманов Оңайбай Рахиұлымен канвассинг өткізді. Кездесу барысында сайлау жөніндегі сұрақтар мен ұсыныстар талқыланды. Ағарту ісінің ардагері Ақшұқыр ауылы әкіміне үміткер Е. Жәнібекке сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

<div class=