Ертең күн қатты ысып, жаңбыр жауады – синоптиктер
Ертең күн қатты ысып, жаңбыр жауады – синоптиктер
Фото: vladtime
Синоптиктер 23 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
«Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жаңбыр жауады. Әсіресе, Қазақстанның батысында қатты нөсер күтіледі. Тек еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыста және оңтүстікте шаңды дауыл аралас жаңбыр, республиканың батысы мен шығысында бұршақ жаууы ықтимал», - делінген «Қазгидромет РМК» хабарламасында.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының  кей  жерлерінде жел  15-20 м/с күшейеді. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Болжам бойынша мына өңірлерде күн қатты ысиды: - күндіз Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде күн ысиды. - Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының кей жерлерінде күтіледі. - Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.