Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өзімнің атымнан Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ, бүкіл Қытай халқына қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түссіз жоғалғандардың аман-есен отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін», – делінген жеделхатта.Қасым-Жомарт Тоқаев қажеттілік болған жағдайда Қазақстан Үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын екенін нақтылады. Қазіргі уақытта Қытайдың Хэнань провинциясындағы толассыз жаңбыр мен су тасқыны салдарынан 33 адам қаза тауып, 8 адамның із-түзсіз жоғалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Xinhua агенттігі.