Елордалық сатушыларды алдаған теміртаулық алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Біржан Сал көшесіндегі дәмханалардың бірінде жас жігіт ақша ұсақтау сылтауымен 10 мың теңге көлемінде ақша қаражатын иемденген. Осыған ұқсас схема бойынша күдікті елордадағы үш сауда орнының сатушыларын алдаған. Қаскүнем қаланың дүкендерінде азық-түлік сатып алу үшін әмиянынан 10 мың теңге шығарғанымен, ақшаны қолынан шығармай қайтадан әмиянына салып отырған. “Сатып алушы” сатушының ақша санап жатқанын пайдаланып, оны әңгімеге айналдырып, қолындағы ақшаны қайтадан әмиянына салып алған. Азық-түлік дүкенінен азық-түлік пен қалған ақшасын алып, қылмыс орнынан жасырынып, 10 мың теңгені пайда қылған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасаған күдіктіні Қарағанды қаласында ұстады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты “Алаяқтық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, 29 жастағы күдікті бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған болып шықты. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті кәсіпкерлік қызметкерлеріне ақша айырбастау түріндегі алаяқтық туралы ескертеді. Көбінесе алаяқтар сатушыларды ақшаны айырбастау деген сылтаумен алдайды. https://www.youtube.com/watch?v=X4-_8uznZzA&t=30s