Жартыжылдықта атқарылған жұмыстар
Жартыжылдықта атқарылған жұмыстар

ZOOM платформасы арқылы «Nur Оtan» партиясы Маңғыстау облыстық фи­лиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеу­меттік осал топтарын қолдау жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Аталған отырысқа қоғамдық ке­ңес мүшелері, Жұмыспен қамту­ды үйлестіру және әлеуметтік бағ­дар­ламалар басқармасы басшы­сының орынбасары Ә.Шопанов, Білім басқармасының балалардың құқықтарын қорғау және арнайы білім беру бөлімінің басшысы Ш.Байдуллаева, Денешынықтыру және спорт басқармасы басшы­сының орынбасары А.Дюсенов, Құрылыс, сәулет және қала құры­лысы басқармасының бөлім бас­шысы Ж.Бисенбаев және өзге де басқарма өкілдері қатысты. Оты­рыс­қа кеңес төрағасы Г.Караба­лина төрағалық етті. Кеңес отырысында алдымен Г.Карабалина Білім басқарма­сының балалардың құқықтарын қорғау және арнайы білім беру бө­лімінің басшысы Ш.Байдуллае­ваға 2020-2021 жылдары өңірдегі білім беру саласына қатысты ғима­раттарға жүргізілген оңтайландыру жұмыстары бойынша ақпаратты облыстық филиалға жолдауды ұсынды. Содан кейін, күн тәртібіндегі бі­рінші мәселе бойынша Жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ә.Шопанов «Nur Otan» партиясы­ның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағ­дарламасын орындау жөніндегі Маңғыстау облысы бойынша Жол картасының 1.2. тармақшасындағы «Тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету» және 3.3. тармақ­шасындағы «Тең мүмкіндіктер жасау» бағыттары аясында жар­ты­жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша қысқаша тоқталып өтті. Екінші мәселе бойынша Жол картасының 126-тармағы – ерек­ше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз қолжетімділік жа­сау мақсатында Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объекті­ле­рін бейімдеуді барынша қамту мә­се­лесі талқыланды. Отырыс ба­ры­­сында қоғамдық кеңес мүше­лері және қатысу­шы­лар тарапынан тиісті ұсыныс пен пікір айтылды.

Әбілмансұр ЖАСАН