ZOOM платформасы арқылы «Nur Оtan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Аталған отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ә.Шопанов, Білім басқармасының балалардың құқықтарын қорғау және арнайы білім беру бөлімінің басшысы Ш.Байдуллаева, Денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары А.Дюсенов, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Ж.Бисенбаев және өзге де басқарма өкілдері қатысты. Отырысқа кеңес төрағасы Г.Карабалина төрағалық етті. Кеңес отырысында алдымен Г.Карабалина Білім басқармасының балалардың құқықтарын қорғау және арнайы білім беру бөлімінің басшысы Ш.Байдуллаеваға 2020-2021 жылдары өңірдегі білім беру саласына қатысты ғимараттарға жүргізілген оңтайландыру жұмыстары бойынша ақпаратты облыстық филиалға жолдауды ұсынды. Содан кейін, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ә.Шопанов «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Маңғыстау облысы бойынша Жол картасының 1.2. тармақшасындағы «Тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету» және 3.3. тармақшасындағы «Тең мүмкіндіктер жасау» бағыттары аясында жартыжылдықта атқарылған жұмыстар бойынша қысқаша тоқталып өтті. Екінші мәселе бойынша Жол картасының 126-тармағы – ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз қолжетімділік жасау мақсатында Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін бейімдеуді барынша қамту мәселесі талқыланды. Отырыс барысында қоғамдық кеңес мүшелері және қатысушылар тарапынан тиісті ұсыныс пен пікір айтылды.Әбілмансұр ЖАСАН