Қазақстан мен Ресей жаңа ұшақ шығармақ

Қазақстан мен Ресей жаңа ұшақ шығармақ

Қазақстан мен Ресей «Бай­­кал» көп мақсатты ұша­ғын жасау бойынша ғылыми-зерттеу және тә­жірибелік-конструк­тор­лық жұ­мыстарды орындау туралы келісім­шартқа қол қойды.

Келісімге қазақстандық авиация индустриясының бас директоры Данияр Амангильдин мен «Орал азаматтық авиация зауыты» АҚ бас директоры Вадим Бадеха қол қойды. Іс-шара МАКС-2021 халықаралық авиациялық ғарыш салоны алаңында өтті.
«Бұл келісімге қол қою – бірінші кезекте, Қазақстанның Ресеймен бірлесіп, авиация саласын дамыту ниетін көрсететін қадам. Кейінгі жылдарда респуб­лика­мыз қол жеткізген техно­логиялық даму бізге осы жобаға өз үлесімізді қосуда белгілі бір рөлге ие болуға мүмкіндік береді», – деді Данияр Амангильдин.
Өз кезегінде В.Бадеха «Байкал» бұл орталық қалалардан алыс орналасқан жергілікті желілерде жұмыс істеуге арналған жаңа әмбебап аймақтық ұшақ екенін айтты. Бұған дейін МАКС-2021 алаңын­да алғаш рет «Байкал» ЛМС-901 көп мақсатты жеңіл ұша­ғы таныстырылды. Турбо­бұрандалы ұшақтың крейсерлік жылдамдығы сағатына – 300  метр, ұшудың ең жоғары қашық­тығы – 3 000 шақырым, топырақты жолақтардан ұшудың минималды қашықтығы – 220 метр. Ұшақ кемін­де 1 500 шақырым қашық­тыққа екі тонна жүктемені жеткізуге қабілетті болады. Оның бағасы шетелдік бәсекелестерден 30-50%-ға төмен болады делінген.

Мейірім БАҚЫТЖАН