Алматыда балалар құқығы жөніндегі уәкілі Аружан Саин бюджет қаражаты мәнсіз жұмсалып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы ол Алматыдағы кибербуллинг профилактикасы жиналысы кезінде айтты. Саинның айтуынша, балаларды спорт, музыка не басқа да қызықты дүниелермен шұғылдануын қамтамасыз ету ең басты жұмыс болуы керек. Алайда, мәдени және спорттық секцияларға қаражат аз бөлінеді, ал әкімдіктер тек «бір-біріне сілтеумен» айналысып, көп қаражат «пайдасыз шараларға» жұмсалады. Сондай-ақ, Аружан Саин бюджет қаражатын концерттерге жұмсауды доғаруға шақырды. «Елімізде пайдасыз шараларға қаншама қаражат жұмсалып жатыр. Қалалық ережесіз жекпе-жектерді ұйымдастыруға миллиардтан аса теңге бөлінген. Президентпен сөйлестік, ол да осындай ойда. Мен барлық әкімдікке бар күшті үйірмелер мен секцияларға бағыттауын өтініп, хат жаздым. Әзірше тек жалтарма жауап алдым, қазір біз қанша баланың секцияларға қатысып жүргені туралы статистика құрастырып жатырмыз. Спорттық және мәдени үйірмелер қолжетімді болуы тиіс. Балалар байқаулар мен спорттық сайыстарға қатысу керек. Сол кезде біз балаларды 95 пайызға өзінің сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік береміз», – деді Аружан Саин. Омбудсмен әкімдіктерден балалардың мәселесін шешу мақсатында нақты қаражат бөлуін талап ететінін жеткізді.