Бүгін Токио Олимпиадасының ашылу салтанаты сағат қаншада басталады?

Бүгін Токио Олимпиадасының ашылу салтанаты сағат қаншада басталады?

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Олимпиада ойындарының ресми салтанатты ашылу рәсімі Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.

Әдеттегідей ашылу рәсімінен бұрын олимпиадашылар алғашқы іріктеу сындарын бастайды. Олардың қатарында Қазақстан спортшылары да бар. Алғашқы жарыс күні қазақстандық спортшылар академиялық есу және садақ атудан сынға түседі. 23 шілдеге арналған жарыс кестесі: Нұр-Сұлтан уақытымен: Садақ ату. Ерлер: Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин. Басталуы: 10:00. Академиялық есу, іріктеу: Владислав Яковлев Басталуы: 5:30

Токио Олимпиадасына әлемнің 200 мемлекетінен келген 11 мыңға жуық спортшы спорттың 33 түрінен бақ сынайды. Атлеттер жалпы есебі 339 жүлдені сарапқа салады.