Атырауда 18 жастағы жігітті қорқытып, 2 миллион теңге талап еткен әйел ұсталды – видео
Атырауда 18 жастағы жігітті қорқытып, 2 миллион теңге талап еткен әйел ұсталды – видео
Фото: polisia.kz
180
оқылды

Оқиға бірнеше рет қайталанған. Алғашында оның екі миллион теңгесін алып, кейін одан 1 540 000 теңге сомасында тағы да ақша талап еткен. 18 жастағы жігіт полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, көмек сұраған.

Айтуынша, қыз оны «Зорлау» фактісі бойынша үстіңнен іс қозғатамын» деп қорқытқан. Алайда жігіт жыныстық қатынас екі жақты келісіммен болды деп ақталған. Екеуі тіпті бір қызметте әріптес болған. Ол қыз жақсы танысым, тіпті тұрғылықты мекені Шымкент қаласына алып барып, ата-анаммен таныстырдым дейді.   https://youtu.be/lPi12Y1PSmo   Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іс-шара кезінде күдіктіні жігіттен 500 000 теңге көлемінде ақша алып жатқан кезінде ұстады. Тексеру кезінде қыз деструктивті діни ағым өкілі екендігі анықталды. Қазіргі уақытта 21 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігімен (Қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақша бопсалаған қыздың бопсалау қылмысы бойынша басқа да фактілерге қатыстылығы тексерілуде.