Алматы қаласының Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантин талабын бұзған "қызыл" мәртебесі бар, айыппұл салынған тұрғындардың тізімін жариялады. COVID-19-ға тапсырған ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен алматылықтар қоғамдық орындарға барып, Аshyq бойынша жұмыс істейтін нысандарда – ХҚКО, мейрамхана, фитнес-орталықтар, әуежай және т.б. нысан қызметтерін пайдалануға тырысқан.
"Қала тұрғындарын өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында жауапкершілік танытуға шақырамыз. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдарға жұқтырмау үшін адамдар көп жиналатын орындарға бармауы керек" делінген хабарламада.Тізімде аудан бойынша тәртіп бұзған тұрғындардың аты-жөні бар. Тізімге сәйкес, тәртіп бұзушылардың көбі Бостандық, Наурызбай және Алатау аудандарында анықталған. Тізімді департамент сайтынан көре аласыз. Бұған дейін Ashyq-та "қызыл" мәртебесі бар карантинді бұзушылардың есімдері БАҚ-та жарияланатыны хабарланған болатын.