Әлеуметтік желіде Ерейментау қаласының әкімі болуға үміткер Сапар Барлыбаевтың сайлаушыларға берген уәдесі тарап кетті.
«Егер біз дұрыс таңдау жасасақ, маған дауыс берсеңіздер, мен өз өмірімді жақсы жағына өзгертуге тырысамын», – деген әкімнің сөзі әзілге айналды.Кейіннен үміткер сөзінен жаңылысқанын айтты.
“Кез келген адам қателесуі мүмкін. Тіпті министрлер мен президенттер де сөзінен жаңылып қалып жатады. Біз БАҚ алдында сөйлеуге дағдыланбағанбыз. Мен қаланы көркейтіп, тұрғындардың өмірін жақсы жағына өзгертеміз деп айтқым келген. Сөйлемнің жалғасы болған. Мен бұған әзіл ретінде қараймын. Бастапқыда біртүрлі болдым, бірақ танымалдылығым артты. Мен ешқашан YouTube жұлдызы боламын деп ойлаған емеспін”, – дейді Сапар Барлыбаев.