Елордада демалыс күндері дәмханалар мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді?

елорда
© astana.gov.kz

Елорданың санитар дәрігерінің карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулысына сәйкес қоғамдық тамақтандыру орындары қысқартылған жұмыс режиміне көшті, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Сонымен сенбі және жексенбі күндері елорданың қоғамдық тамақтану орындары – кафелер, мейрамханалар, кофеханалар жұмыс істемейді. Бұл ретте тамақты жеткізу және өзімен алып кету штаттық режимде жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс күндері таңғы сағат 7-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, ал «Ashyq» жобасына қатысатын мекемелер кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Асханалар үшін жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 21:00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленген.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі және жексенбі күндері елордалық СОО және т.б. жұмысына тыйым салынған.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 14 шілдедегі хаттамасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы қаулы қабылданды.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.