Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық партия филиалына аудан тұрғындары Есенбай Ақыл және көпбалалы аналар Н.Алтаева, А.Кұдайбергенова балалары І, ІІ топ мүгедегі екенін, отбасылық жағдайының төмен екенін айтып, мүмкіндігі шектеулі балаларына балдақ, арнайы матрас, тонометр алып беруді өтінсе, Қызылорда қаласының тұрғыны Ғабит Қалқаманов мүгедектерге арналған арнайы велосипед алып беруге өтініш білдірген болатын. Осыдан кейін «Nur Otan» партиясы әл-Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Заңғарбек Нышанбекұлы, Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Наргиза Абайдуллақызымен кездесу ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қалалық мәслихат депутаты Анар Жарылқасынқызының қатысуымен партияның «30 қайырымды іс» акциясы аясында өтініш білдірген азаматшалардың отбасына қолдау көрсету мәселесі қаралды. Нәтижесінде, демеуші Наргиза Абайдуллақызы өзінің жеке mobil komek қайырымдылық корынан көмек сұраған отбасыларға көмек көрсетілді. Ал Анар Жарылқасынқызы өз қаражатына құны 55 мың теңге болатын арнайы велосипед алып берді.