Токио-2020: XXXII жазғы Олимпиаданың ашылу салтанаты басталды
Токио-2020: XXXII жазғы Олимпиаданың ашылу салтанаты басталды
133
оқылды
Жапония астанасы Токио қаласында XXXII жазғы Олимпиаданың ашылу салтанаты басталды. Биыл дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Олимпиада бағдарламасына бейсбол/софтбол, каратэ, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг секілді спорттың бес түрі енгізілген. Алдын ала мәлімет бойынша айтулы аламан бәсекеге жұмыр жер бетіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысады деп күтілуде. Жарысқа қатысушылардың тең жартысына жуығы әйелдер болмақ. Ұйымдастырушылар оның гендерлік теңдікті білдіретінін айтады. Аталған шараны ұйымдастыруға жауапты мамандардың айтуынша, Токио төріндегі айтулы шара елдің есінде инновациалық Олимпиада ретінде ерекшеленетін болады. Қазақстандық 97 спортшы күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды.